Пысықай кәсіпкер алты ай бойы бюджет қаржысын жымқырған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Жуалы аудандық сотында «Бозтаева Л.К.» атты жеке кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, пысықай кәсіпкер халықты еңбекпен қамтуға арналған әлеуметтік бағдарлама аясында әрбір жұмыс орны үшін бизнесмендерге ақша төленетіні жайында естіген бойда өз атынан өтінім берген. Аудан әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту орталығы оның өтінімін қолдаған. Осылайша, 2017 жылы маусым мен қараша айлары аралығында жеке кәсіпкердің есепшотына 275 228 теңге аударылды. Б. есімді бизнесмен келіншек жұмысшылардың зейнетақы жарналарын да төлеген. Алайда, шын мәнінде, ондай жұмысшылар қызметке алынбаған. Жеке кәсіпкер 26 775 теңгені зейнетақы қорына аударып, қалған 248 453 теңгені қолды қылған.

«Сот қаулысына сәйкес, Б. Есімдік әсіпкер Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ол пробациялық бақылауға алынады. Бұдан бөлек, ол 248 453 теңгені бюджетке қайтарып беруі тиіс», -делінген соттың ресми хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар