Путин ШЫҰ саммитін Челябіде өткізу туралы жарлыққа қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей президенті Владимир Путин ШЫҰ-ның кезекті саммитін Челябі қаласында өткізу туралы жарлыққа қол қойғанын мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

«Қазір ғана жарлыққа қол қойдым. Челябіде менен қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен жетекшілері ШЫҰ кезекті саммитін өткізуді сұрады. Міне қазір ғана жарлыққа қол қойдым»,- деді РФ басшысы «Ресей- мүмкіндіктер елі» форумына қатысушылармен жүздесуі барысында.

Наурыздың басында ұйымдастырылған Жалпыресейлік халық майданының  «Шындық және әділдік» атты медиафорумы барысында ресей көшбасшысы ШЫҰ саммитін Челябіде өткізу мүмкіндігін жоққа шығармаған болатын.

Айта кеткен жөн, ағымдағы жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары Кеңесінің отырысы маусымда Қытай Халық Республикасында болады. Ал Ұйымға төрағалық Қытайға өтеді.

Соңғы жаңалықтар