Путин РФ президенті сайлауына қатысатындығын жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Владимир Путин 2018 жылы жаңа президенттік мерзімге сайлауға түседі. Бұл туралы мемлекет басшысының өзі ГАЗ автозауыты еңбеккерлерімен және ардагерлерімен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС .

«Иә, мен Ресей Федерациясы президенті сайлауына түсемін»,- деп мәлім етті ол.

Ресей басшысының сөзін естіген кездесуге қатысушылар ду қол шапалақтады. «Мұндай қолдау көрсеткендеріңізге рахмет», - деді Путин зауыт ұжымына өз ризашылығын білдіріп.

«Сіздердің жұмыстарыңызға, елімізге деген көзқарастарыңызға алғыс айтамын»,- деп жалғастырды ол.

«Біз бірге болсақ бәрі де жақсы болады»,- деп атап өтті РФ президенті.

Еске сала кетсек, Владимир Путиннің өкілеттік мерзімі 2018 жылы аяқталады. 

Соңғы жаңалықтар