Путин Қазақстандағы жаңа РФ елшісімен Астанамен қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстандағы жаңа РФ елшісі Алексей Бородавкинмен Астанамен қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы ТАСС Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Қазақстан - біздің көршіміз, стратегиялық серіктесіміз, одақтасымыз ғана емес, бұл - өте тығыз, әржақты және сенімді қарым-қатынас орнаған ел. Бұл бір жағынан жағымды, ал екінші жағынан құрметті және жауапты миссия. Осы мәселелер бойынша кеңірек сөйлесуді ұсынамын», - деді В.Путин.

А.Бородавкин, өз кезегінде, оған Ресейдің Қазақстандағы елшісі етіп тағайындағаны үшін алғысын білдірді. «Сіздің сеніміңізді ақтауға тырысамын. Маған артылған жауапкершілікті түсінемін», - деді ол.

«Өзіңіз айтып өткендей, Қазақстан - біздің ең жақын одақтасымыз, стратегиялық серіктесіміз. Бізде үлкен позитивтік күн тәртібі бар: ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ТМД-да бірлесіп жұмыс іс жүргізу мен үйлестіру және екіжақты қарым-қатынас бойынша және ынтымақтастық мәселелері бар. Сондықтан, алда көп жұмыс күтіп тұр, мен мұны жақсы түсінемін», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Путинді 18 наурызда өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Еске сала кетсек, Алексей Бородавкин 2018 жылдың 7 ақпанында Ресейдің Қазақстандағы елшісі болып тағайындалған. 

Соңғы жаңалықтар