Психологтар: Жұмысты 5-7 жыл сайын ауыстырып отыру керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Массачусетск технологиялық институтының (АҚШ) ғылыми топ өкілдері жұмысты 5-7 жыл сайын ауыстырып отыру керектігін айтты.

Ғалымдар ірі америкалық компаниялардың біріндегі мыңдаған маманның жұмыс орнын зерттеп, сауалнама жүргізді. Нәтижесінде, 5-7 жыл уақыт өткесін лауазымдағы мамандардың жұмыс өнімділігі төмендеп, күрделі жағдайға дейін барады, деп жазады Росбалт.

Егер адам бір лауазымда ұзақ уақыт еңбек етсе, оның белсенділігі түсіп қана қоймай, жұмыс көлемінен де шаршайды. Бұл мансаптық өсуге деген қызығушылық пен бастамашылық ықыласын жоғалтуға әсер етеді.

Бұған қоса, бір орында ұзақ уақыт жұмыс жасаса, басшылық пен әріптестер арасында айтыс-тартыстар мен қиын жағдайлар тудырады. Сарапшылар жұмыстағы қарым-қатынас шиеленісіп кетпес бұрын, стрестік жағдайлардан өздігінен шығуға кеңес береді, деп мәлімдейді Svopi.

Соңғы жаңалықтар