11:22, 30 Сәуір 2017 | GMT +6
Протон-М зымыраны мамыр айында Байқоңырдан ұшырылады
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан ең жақын ұшырылым биылғы мамыр айының соңына жоспарланған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Шамамен бір жылдық үзілістен кейін EchoStar 21 ғарыш аппаратымен бірге «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыруға дайындап жатыр.
Еске сала кетсек, соңғы рет «Протон-М» Байқоңырдан 2016 жылдың 10 маусымында ұшырылды. Одан кейін «Протон-М» тасығыш-зымыранының қозғалтқыштарынан ақау табылып, ұшыру кейінге қалдырылды.
EchoStar 21 ғарыш аппаратымен бірге «Протон-М» алдағы ұшуына тұңғыш рет қазақстандық мамандар қатысқалы отыр. «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорны» АҚ 92 қызметкері өткен жылдан бері қазақстандық және ресейлік тараптармен келісілген «Протон» старттық кешенінде жұмыс істеп жатыр.