Промоутер GGG-дің Майвезермен ықтимал айқасына қатысты айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының америкалық кіші Флойд Мэйвезермен (50-0, 27 КО) ықтимал айқасына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

«Майвезерді жекпе-жекке шақыруға қатысты айту қиын, себебі ол мансабын аяқтаған. Егер «GGG онымен айқасқа шығар ма еді?» деген сұраққа жауап беру керек болса, онда жауап: «иә!». Геннадий қол жеткізген жетістіктері үшін Флойдты аса құрметтейді. Ол «Флойдпен айқас үшін 154 фунтқа дейін түсуге дайынмын» деп айтатын», - деді Леффлер FightHub TV-ге берген сұхбатында.

«Егер ол мансабын аяқтауды шешсе, бұл оның шешімі. Ол рингте қыруар ақша тауып, жеңіліп көрместен мансабын аяқтады. Егер ол қайта оралуды шешсе, біз келіссөздерге дайынбыз. Ол «Головкиннің арнайы эффектілері жоқ» деп айтатын, оны тексерудің бір ғана жолы бар - онымен рингте кездесу. Бірақ бұл жекпе-жекке қызығушылық екі тараптан да болуы керек», - деп санайды қазақстандық боксшының промоутері. 

Соңғы жаңалықтар