Промоутер Геннадий Головкинге лайықты қарсылас болатын жас боксшыны атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер және бұрынғы боксшы Барри Макгуиган 2018 жылдың мамыр айында өтуі мүмкін Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қарымта кездесуі туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап. 

Макгуиган ирландиялық Билли Джо Сондерсті (26-0, 12 КО) Головкин мен Альварестің қарсыласы деп санамайтынын айтты.

«Головкин-Альварес кездесуінің жеңімпазы Билли Джо Сондерспен кездесуі мүмкін. Сондерс мұндай ірі айқасқа шығу құқығын иеленсе де, жігіттер орта салмақта Сондерстен емес, 69,9 келіден ауысып келген Жермалл Чарлодан қауіптенгендері жөн», - деді промоутер Mirror басылымына берген сұхбатында.

Бір жыл бұрын Чарло (26-0, 20 KO) бірінші орта салмақтағы IBF чемпионы атағын үшінші рет қорғады, оның 5-раундында Джулиан Уилямсты нокаутқа жіберді. Кейінірек, атақты қалдырып, 72,6 келі салмаққа ауысты және жазғы айқаста Хорхе Хейландты төрт раунда-ақ естен тандырған болатын. 

Айта кетейік, кәсіпқой бокс әлемінде америкалық ағайынды егіздер ригке шығып жүр. Олардың бірі - бірінші орта салмақтағы IBF бұрынғы чемпионы Жермалл Чарло (26-0, 20 KO) болса, екіншісі - бірінші орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері Жермелл Чарло (30-0, 15 KO). Олардың есімдеріндегі бір әріптің өзгешелігінен өз арасында  «а-Чарло» және «е-Чарло» деп атап кеткен.

Соңғы жаңалықтар