Прокурорлар СҚО-да мемлекеттік қорықтардың жұмыс істемей тұрғанын анықтады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының табиғатты қорғау прокуратурасы жергілікті маңызы бар екі ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жұмыс істемей тұрғанын анықтады, деп хабарлады облыс прократурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ақжан» және «Ақсуат» мемлекеттік табиғи қорықтарын құрған сәттен бастап оларды табиғатты қорғау ұйымдарына бекітпеген. Мұнда қорықшы қызметі жоқ. Тиісінше, бағалы, сирек кездесетін, жоғалып кету қауіпі бар өсімдік, жануарларды сақтау, қалпына келтіру шаралары жүргізілмеген. Инфрақұрылымды құру және қорықты ұстау үшін бюджеттен ақша бөлінбеген.

Баспасөз қызметі қадағалау органының қабылдаған шаралары нәтижесінде биыл қорықтарды ұстауға 4,4 млн теңге бөлінді, қорықшы қызметі құрылды, торуылдау үшін көлік сатып алынғандығы айтылады. Қазір мемлекеттік табиғи қорықтар өздеріне жүктелген міндеттерін жүзеге асыруда.

Соңғы жаңалықтар