Прокурорлар мүмкіндігі шектеулі 17 адамды жұмысқа орналастырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Мүгедектерге жұмыс» және «Жетімдер үйінсіз Жетісу» жобасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысында нəтижелі жұмыстар атқарылуда. Мəселен Ескелді ауданы прокуратурасының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі 17 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Сонымен қатар, «Жетімдер үйінсіз Жетісу» жобасы аясында облыстық балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмаған екі жасөспірім отбасыларына қайтарылды.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Алматы облысында 3114 жетім бала бар. Оның 82 пайызы отбасылық тәрбие алып жатыр. Қалғаны балалар үйінде тәрбиеленуде. Өткен жылы 59 бала патронаттық тәрбиеге өтсе, 300-ден астам жәудір көзді еліміздің азаматтары асырап алды.

Соңғы жылдары облыста жетім балалар саны азайып, балалар үйлерінің саны қысқарып келеді. Өткен жылы Үштөбе қаласындағы балалар үйі жабылды. Себебі, кейінгі жылдары ондағы тәрбиеленушілер саны күрт азайып кеткен.

Соңғы жаңалықтар