Прокурор Сейітқазы Матаевтан төленбеген салықты өндіріп алуды сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік айыптау өкілі Ержан Құрақбаев Сейітқазы Матаевтың салық төлемеуінен келген шығын ретінде айыпкерден 216 млн-нан астам теңгені өндіріп алу туралы талап арызын оқыды.

«Сотқа дейінгі тергеу бойынша,  2011-2015 жылдар аралығында С.Б. Матаев бас пайдасын ойлап, салық декларациясының 100.00, 200.00 и 101.04 формаларын тапсырмау жолымен аса ірі көлемдегі салық төлеуден жалтарған», - деді прокурор Ержан Құрақбаев.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Сейітқазы Матаев 2011 жылы мемлекетке салық төлемей 56 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Дәл осылай 2012 жылы да С.Матаев салық органдарына сәйкес декларация тапсырмай, мемлекетке 54 млн теңге, ал 2013 жылы - 49 млн теңге, 2014 жылы - 52,5 млн теңге, 2015 жылы - 4,6 млн теңге шығын келтірген.

Одан бөлек, Матаев Ұлттық баспасөз клубы есепшотына түскен қаржыдан 50 600 100 теңге көлеміндегі ақшалай қаражат жеке тұлғалардың карталық шотына аударылған, ал ҚР резиденттік емес заңды тұлғалар есепшотына демеушілік көмек ретінде 5 858 800 теңге аударылған.

«Осылайша, С.Матаев 2011-2015 жылдар аралығында 216 952 683 теңге болатын аса ірі көлемдегі салық салу нысандарын жасырып, міндетті болып табылатын декларацияларды өткізбеу жолымен салықтан жалтарған», - деді прокурор Е. Құрақбаев.

Соңғы жаңалықтар