Прокурор Альфа банкті тонағандарды 8 жылға қамауды сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Альфа банк» офисін тонағандарға қатысты сот отырысында жарыссөз өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Прокурор күдіктілерді 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.

Сотталушылар айыбын толығымен мойындады.

Сот алдындағы соңғы сөзінде Иван Жуков пен Максим Бескишкин кішкентай балаларының барын айтып, жазаны жұмсартуды сұрады.

Судья Бақытжан Бәкірбаев аталған іс бойынша үкімді 27 қыркүйекте шығаратын болды.

Айта кету керек, 27 маусымда «Арай» тұрғын үй кешінінде орналасқан Альфа банк офисі тоналған болатын. 

Тергеу материалдарына сәйкес, күдіктілердің бірі банк қоймасына кіріп, тапанша тәріздес затпен қызметкерлерді қорқытып, 65 млн 300 мың теңгені алып шығып кеткен.

Кейінірек банктің бұрынғы қызметкері мен күзетшісі күдікті ретінде қамауға алынды. Максим Бескишкин мен Иван Жуковқа қатысты ҚР ҚК192-бабы бойыншы қылмыстық іс қозғалды.

фото: Данияр Дауталиев

Соңғы жаңалықтар