Прокуратураның «рақымшылығына» наразы Шымкент тұрғыны көшеге шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент тұрғыны Амангелді Қалыбек бүгін қала орталығындағы көшеге плакат ұстап шықты. Ол бір жыл бұрын жол бойында төрт жұмысшыны көлікпен қағып, біреуін мерт қылған жүргізушінің бостандыққа шығып кетуіне қатысты наразылығын білдіруде, деп хабарлайды  «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қоғам белсендісінің сөзінше, жол бойында жылу құбырларын тартып жатқан сәтте қаза тапқан Мұрат Әлібек небәрі 21 жаста болған. Ал оны бақилық еткен жүргізуші бостандықта жүр.

«Мен адамдарға осы жағдайды еске салу үшін шығып отырмын. Бұл митинг не болмаса наразылық акциясы емес. Мен осы елдің азаматы ретінде заңға бәрі бағынса деймін. Өйткені бұл жерде адам өліп отыр. Бұл трагедия. Ол жәй емес, жұмысын істеп, өз міндетін жасап жатқанда ажал құшты. Мен ол жігітті танымағанмын. Туыс та емеспін.  Алайда біз осы елдің бір азаматын жоғалттық. Мұндай жағдайлар орын ала берсе не болады?»,- дейді  Амангелді Қалыбек.

Еске салайық, бір жыл бұрын таңғы алтылар шамасында жол бойында құбыр тарту жұмыстарын жүргізіп жатқан төрт жұмысшыны жеңіл көлік қағып кеткен болатын. Машинаны тізгіндеген Исмайыл Сүлеймен қатты жылдамдықпен жүріп келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Тіпті машинасымен бірге шұңқырға құлған. Салдарынан үш жұмысшы жарақат алып, төртіншісі қаза тапты. Жүргізуші ауыр жарақаттар алып, сол жерде мерт болған жәбірленуші мен  жарақаттанған өзге үш жұмысшыға көмектесудің орнына, оқиға орнынан бой тасалаған. Кейінен тәртіп сақшылары  жас жігітке халықаралық іздеу жариялады. Алайда, оны ұстау мүмкін болмады. Оның сол уақытта Қазақстан аумағынан шетелге шығып кеткені белгілі болды. Ол кейін полицияға өзі келгенімен,  рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шыққан. Бұл туралы күні кеше ғана мәлім болды.

«Рақышылық заңына сәйкес, бұл қылмыстық іс амнистияға байланысты тоқтамға алынған. Және осы анықтаушылардың шешімімен келісу үшін Әл-Фараби аудандық прокуратурасына жолданған. Ал прокуратура өз алдына осы шешіммен келісті», - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова. 



nullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар