Прокуратура автобус өртінен аман қалған жүргізушіні екі ай қамауға алуды сұрады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өртенген автобус жүргізушісі Нұржан Қырғызбаев бүгін сот залына жеткізілді. Прокуратура күдіктіні 2 айға қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде өртенген автобус жүргізушілері сот залына жеткізілді. Сотқа алдымен жүргізуші Нұржан Қырғызбаев әкелінді. Прокуратура жүргізушіні 2 ай қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялауды сұрады. Ал Қырғызбаевтың қорғаушысы кепілмен босату ұсынысын айтты. Сот отырысына Мақсат Пернебековтың апасы Нұршат Пернебекова да келді.

«Анамызды, бала-шағасын асыраймын деп осы жағдайға тап болды. Мен інімді кінәлі деп есептемеймін. Бәрі де кінәлі емес»,- деді Нұршат Пернебекова.

Айта кетейік, бір апта облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдаған үш жүргізуше уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Олар Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша сот алдында жауап береді.

Соңғы жаңалықтар