Прокуратура 2 жасар қыздың йогурттан уланып көз жұмғанын растады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық прокуратурасы кішкентай қыздың белгісіз сүт өнімінен уланып қайтыс болғанын растады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлайды.

Қостанайлықтар арасында WhatsApp мессенджері арқылы жас баланың өлімі туралы ақпарат кеңінен тарады. Өзін қайғыға душар болған отбасының көршісімін деп таныстырған қыз 2 жасар қыздың супермаркеттен сатып алған йогурттан қатты уланғанын айтады.
«Бәрінен де қызығы сол, анасы қай дүкеннен сатып алғанын білмейді, - дейді қыз хабарламада.

«Бір аптада бүйректері де, бауыры да, жүрегі де істен шыққан».

Бір апта бойы бүлдіршінге көрсетілген ем-дом еш нәтиже бермеген және оны астаналық клиникаға алып кеткен. Астанада да дәрігерлер еш қайран көрсете алмады, кішкентай қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды белгісіз қыз.

Ресми органдар бұл жайтқа қатысты еш пікір білдірмеді. Прокуратура Қостанайдың кішкентай тұрғынының Астанада жұмғанын, сол себепті аталған фактінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелмегенін айтып түсіндірді.

Дегенмен, прокуратураның растауынша, аталған оқиға шын мәнінде болған. Баласымен бірге, анасынан да улану симптомдары табылған, бірақ ол ауруды еңсере алған.

Соңғы жаңалықтар