«Прогресс МС-08» ғарыш кемесі ұшпай қалды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс МС-08» көліктік жүк кемесі «Ұшыру» пәрмені берілгеннен кейін тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Союз-2.1а» зымыран-тасығышы бар «Прогресс МС-08» КЖК бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан 14 сағат 58 минут 45 секундта ұшырылу керек болған.

Тікелей эфирде Роскосмос өкілі ұшырылымның тоқтатылу себебінің анықталып жатқанын мәлім етті.

Ресей ғарыш ведомствосының баспасөз қызметі хабарлағандай, «Прогресс МС-08» көліктік жүк кемесін ұшыру резервтік датаға - 13 ақпанға ауыстырылған.

Сондай-ақ, Роскосмос қосымша ақпаратты кейінірек хабарлайтынын мәлім етті. 

Еске сала кетейік, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-08» көліктік жүк кемесі ұшырылатындығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар