Проблемалық несиелер қоры Ұлттық Банктен Үкіметке өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанда сот мүлікті бөлу мүмкін болмаған жағдайда, оны жария саудаға шығаратын болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банк заңнамасын жетілдіру және кәсіпкерлікті жүргізуді жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтарулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстыру барысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айқындалған тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында заң жобасы банк секторын сауықтыру жөніндегі шараларды көздейді. Атап айтқанда, «Проблемалық кредиттер қоры» Акционерлік Қоғамының Ұлттық Банктен Үкіметке өтуі көзделген»,-деді министр.

 Айта кетейік, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

«ПКҚ» АҚ қызметінің негізгі мақсаты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталған шараларды іске асыруға негізделген.

Соңғы жаңалықтар