Приозерскінің экс-прокурорына 10 млн теңге айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Приозерск қалалық соты пара алды деп айып тағылған Қарағанды облысының бұрынғы прокуроры Ержан Тұрысбековтің ісі бойынша үкім оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот «Тұрысбеков пайдакүнемдікпен мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқаруға қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағанын» анықтады. Соттың қаулысында бұрынғы прокурор 1 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алғанын толық мойындағаны айтылған.

Ержан Тұрысбеков ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды. Оған ҚР ҚК 55-бабының 4-бөлігін қолдану арқылы параның отыз есесі мөлшерінде, яғни 9 миллион 810 мың теңге айыппұл салынды. Бұдан тыс, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Ол айыппұлды соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдың ішінде төлеуі тиіс. Егер айыппұлды төлеуден жалтарса, жаза бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар