Президенттік резервте тұрған қызметкерлер біліктіліктерін арттырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлер кәсіби деңгейлерін арттырды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен мәлім етті.  

Президенттік резерв - Мемлекет басшысының жаңа формация басшыларын - көшбасшылар мен заманауи менеджерлерді құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында іске асырылып жатқан бірегей мемлекеттік жоба. Құқық қорғау органдары қызметкерлері Ұлттық қорғаныс университетінде өткен оқу курсы барысында басшылық лауазымдарға тағайындалу үшін қажетті кәсіби дағдыларын және басқарушылық біліктіліктерін арттырды.

Оқулардың аяқталуына орай өткен салтанатты шараға ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин, ҰҚУ басшысы генерал-майор Асхат Рыспаев және ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Наиль Ахметзәкіров қатысты.

Соңғы жаңалықтар