Президенті Кубогы: Қыздар арасындағы алғашқы алтын Назым Қызайбайға бұйырды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада бокстан ҚР Президенті Кубогының финалдық айқастары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалдық айқастарды алғашқы болып шыққан жұптар анықталды.

51 келі салмақта қыздар арасынан Назым Қызайбаймен Жайна Шекербекова бастады.

Аса тартысты өткен бәсекеде әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай қарсыласынан бір бәс жоғары екенін дәлелдеп, ҚР Президенті Кубогының алғашқы алтын медалін қанжығасына байлады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Кубогына 13 салмақ дәрежесі бойынша (10 ерлер арасында және 3 әйелдер арасында) өтуде. Қазір бокс кеші жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар