Президент жастар мен әжелерге қатысты қалжың айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республикалық жастары форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастар мен әжелерге қатысты қалжың айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сендердің араларыңда қазірдің өзінде ақылы мен білімі Отанымызға зор пайда әкеліп жатқан балалар аз емес. Маған «қазіргі жастар бұрынғыдай емес» деген кезде: «әжелер де бұрынғыдай емес қой, шұлық тоқымайды, бәліш пісірмейді», деп айтамын. Алайда, интернетті жақсы біледі. Әрине, бұл қалжың. Бірақ, іс жүзінде солай болып отыр», - деді Назарбаев.

Елбасы бүгінгі  жастар қазіргі заманға, заманауи өмірге сай келетіндігін атап өтті.

«Уақыт өте жылдам өтеді. Біз өте жылдам өзгереміз. Есімі ұлы Рим императоры Аврелияның мына бір сөзі есіме түсіп отыр. Ол: «10 мың жыл өмірің бардай өмір сүрме. Өмір қысқа, тірі кезіңде, мүмкіншілігің барда  жақсы болуға тырыс», дейді. Жақсы сөз», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар