Президент сынынан кейін «СК-Фармация» басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «СК-Фармация» ЖШС басқармасының жаңа төрағасы болып Максим Касаткин тағайындалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

«2017 жылғы 22 ақпанда ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес «СК-Фармация» ЖШС басқармасының жаңа төрағасы болып Максим Касаткин тағайындалды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 3 ақпанда бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «СК-Фармация» компаниясының қызметін сынға алған болатын.

Келесі күні Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «СК-Фармацияның» бірінші басшысы қызметтен шеттетілгендігін мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар