Президент Павлодар облысындағы мыс концентратын өндіретін фабриканы іске қосты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының қоғам өкілдерімен бейнекөпір режимінде кездескен Елбасы топырақты кен фабрикасы - «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС-ін іске қосты.

Каолинизацияланған кенді өңдейтін фабриканы іске қосу 2016 жылдың төртінші тоқсанында-ақ алғашқы мыс концентратын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Бозшакөл кен байыту комбинатындағы кенді қайта өңдеу қуатын 25-тен 30 тоннаға дейін арттырады.

Каолинизацияланған руда қайта өңделген соң, фабрика стандартты сульфидті байыту фабрикасына айналады.

Кәсіпорын ұжымы Мемлекет басшысына фабриканың дайындығын сөз ете келе, бұның еліміз үшін тарихи оқиға екендігін атап өтті.

«Бозшакөл кен байыту комбинаты Қазақстан тарихына ең ірі кәсіпорындардың бірі ретінде кіреді. Ал, Павлодар облысы мыс өндіруші өңір болады»,-деді кәсіпорын қызметкерлері.

Өндіріс ошағын іске қосқан Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымын бүгінгі жетістігімен құттықтады.

Елбасы сөзінде Бозшакөлде, қазақтың кең даласында 30 млн тонна кен өндіріп, оны мыс концентратына айналдыратын алып кәсіпорын салынатынын айтты.

«Бұл біздің барлығымыз үшін үлкен бақыт. Мен кәсіпорынның іске қосылу шарасына қатысып отырғаныма ризамын»,-деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар