Президент елорда базарларының бей-берекетсіздігіне кейістік танытты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Астанадағы базарларды тәртіпке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ұйымдастырылмаған сауда базарлары. Бізде слайд бар. Алматыдағы барахолканы сүріп тастады. Сол секілді Мәскеудегі Черкизовский базары да сүрілді. Ал енді қара, сендерде не болып жатқанын... Ал керек десеңіз, дәл қазір жап-жақсы базар салуға дайын тілек білдірушілер бар», - деді Мемлекет басшысы Әсет Исекешевке бей-берекет базарлардың суретін көрсете отырып.

Мәжіліс барысында Президентке аталмыш базар Тілендиев көшесіндегі жеке кәсіпкерге тиесілі екені жеткізілді. Әкімдіктің өкілдері аталған кәсіпкерге осы олқылыққа жол бергені үшін 75 АЕК мөлшерінде айыппұл салынғанын хабарлады.

«20 жылдыққа дайындық осы. Мойынды жумай, бетті сулай салғансыңдар. Бұл түкпірлердің бәрі де күрделі. Көргендер: «қаласымен мақтанады, не болып жатқанын қараңдар» демей ме. Біз міне, бір-екі орынды ғана көріп отырмыз, ал қаланың басқа бөліктерінде мұндай көптеп кездеседі. Тәртіпке келтіріңдер», - деп тапсырды Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар