Президент Ассамблеяның балаларына бір қоржын сыйлық беріп жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бейбітшілік пен келісім сарайында Алғыс айту күніне орай салтанатты шара өтті. Аталған шара басталмас бұрын ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова этномәдени бірлестіктердің атынан өнер көрсеткен балаларға Президенттің арнайы сыйлықтарын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өз өнерін ортаға салған балалар мерекеге орай жаттап келген тақпақтарын қазақ тілінде айтып берді. Ал қазақтың ұлттық тағамына арналған орыс тіліндегі бір шумақ өлең келген қонақтарды бей-жай қалдырмады. "Молочный камень, супер свойство.

Но кочевников зарядное устройство,

И даже на исxоде сил,

Курт тысячи жизней возродил", - деді балалардың біреуі.
null  

Осыдан кейін Ассамблеяның балалары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өз құттықтаулары жазылған плакатты беріп жіберді. Ал Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының атынан бір қоржын сыйлықты табыстады.

"Мынау Президенттің атынан барлықтарыңызға арналған сыйлық", - деді Гүлшара Наушақызы.
null
null  

Айта кетейік, бүгінгі шара барысында Мемлекеттік xатшы мерекелік дастарқанға тізе бүгіп, Қазақстан xалқы ассамблеясы ақсақалдарының әңгімесін тыңдады .  Сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс күніне арналған құттықтауын жеткізд і. 

Соңғы жаңалықтар