Премьер-Министр электронды білім беру мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Цифрландыру бағдарламасын іске асыру аясында электронды білім беруді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Кеңес барысында оқыту процесінің барлық кезеңінде, еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінен бастап жоғары оқу орындарына дейін электронды білім беру жүйесін енгізу мәселесі талқыланды.

Қазіргі таңда 13 қалада және бір облыста электронды айналым арқылы балабақшаларға кезекке қою және бағыт беру жүйесі енгізіліп жатыр. Орта білім беруде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесі жұмыс істей бастады. Кәсіптік және жоғары білім беруде көп деңгейлі ақпараттық «Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесі» енгізілуде. Ұлттық білім беру дерекқорын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктіруді 01.09.2018 дейін жүзеге асыру көзделген.

Жүйені цифрландыру жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша баланың бірыңғай электронды деректер базасын құруға мүмкіндік береді. Келешекте білім деңгейіне (балабақшалар, мектептер, колледждер, ЖОО-лар) қатысты процестер білім берудің әр кезеңінде қосымша құжаттар мен анықтамаларды жинау қажеттігінсіз, электронды түрде жүзеге асырылатын болады.

 Анықтама: Бүгінде жалпы республикадағы 7047 жалпы білім беру мектептерінің ішінде 4355-тен астамы (62%) жоғары жылдамдықты Интернетке қосылған. Колледждердің жабдықталу деңгейі - 90%, ЖОО-лар - 100%.

Соңғы жаңалықтар