PPAP вирустық ролигін қазақстандық қайталап шықты
Көптеген қолданушылар бұл видеоға оң қабақ танытып, орындаушының әртістік қабілетіне жоғары баға берді. Тіпті кейбіреулері қазақстандық нұсқаның түпнұсқадан да артық екенін жазуда.
RUSSIAN VERSION FROM KAZAKHSTAN! Тренд!☝🏾️Отметь друга который знает эту песню 👇🏾 . #РАЯР #PPAP #ручкоананасовояблочнаяручка #penpineappleapplepen
Естеріңізде салсақ, түпнұсқа видео 2016 жылы 25 тамызда жарияланды. Бес күнде бейнеролик 11 млн-нан астам қаралым және 6 мыңнан астам пікір жинады.
Оны орындаушы Piko-Taro жапондық музыкант және комик Кадзухико Косака ойнайтын ойдан шығарылған кейіпкер. Кейбір қолданушылар PPAP өзге де танымал «Gangnam Style» бейнебаянына бәсекелес бола алады деген пікірде.
Оңтүстіккореялық музыканттың бейнеролигі Youtube қаралымы бойынша әлі күнге дейн бірінші орында тұр. Оны 2,6 млрд-тан астам қолданушы көрген.