Пойыздың үстімен билетсіз жетіп қалмақ болған көкшетаулық жансақтау бөліміне түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетау тұрғыны билетке ақша жұмсамай Астанаға элтектровоздың үстінде жетіп қалмақ болған әрекеті сәтсіз аяқталды, ол ауыр күйде жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат КТК телеарнасына сілтеме жасап.

25 жастағы жігітке Астана жедел жету керек болғанымен, жолына ақша таба алмаған. Ол билетсіз жетуді ойлаған. Сол үшін пойыздың үстіне шығып алған, алайда алысқа бармады. Көкшетау стансасында оны 29 мың вольт тоқ соққан. Денесінің 45 пайызын күйік шалған жігітті ауруханаға жеткізді.
Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр деп отыр.
«Жағдайына байланысты жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. Оның халі ауыр деп бағалануда, ары қарай динамикасын бақылауда ұстаймыз», - дейді Ақмола облыстық ауруханасының травматолог дәрігері Елдос Қайыржанов.

Соңғы жаңалықтар