Пойыз астында қалған бойжеткен аяғынан айырылды - Атырау

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында пойыз доңғалағының астына түскен бойжеткен аяғынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қазір ол ауруханада жатыр.

«Қайғылы оқиға Атырау облысының Сағыз станциясында болған. 19 жастағы бойжеткен вагонға мініп жатқан кезде, аяғы тайып рельске құлайды. Қозғалып жатқан құрам оның аяғын басып кетеді. Ампутация облыстық ауруханада жасалды», -деп хабарлады Атырау облыстық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Бекен Құлниязов.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты. 

Соңғы жаңалықтар