Пошта тиеген ұшақ апатты жағдайда қонды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Мэн штатындағы өңірлік әуежайда пошта тасымалдайтын жүк ұшағы апатты жағдайда қонды. Бұл жайлы Portland Press Herald хабарлайды.

Келеңсіз жағдай ұшақ шассиінің ақаулығы салдарынан болған. Жергілікті билік мәліметінше, зардап шеккен ешкім жоқ.

БАҚ хабарлауынша, ұшқыш біраз уақыт бойы отынды жағу үшін әуежай төбесінде айналып жүрген. Әуежай да бірнеше сағатқа жабылды. Оқиғадан кейін ұшқыш денсаулық жағдайын тексерту мақсатында ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар