Португалия мен Дания Қазақстанмен көлік тасымалы туралы келісімді рәсімдейді - Роман Скляр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитеттің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жолы сенаторлар «Халықаралық автомобиль қатынасы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың айтуынша, аталған құжат екі мемлекет арасындағы автомобиль тасымалына құқықтық негіз жасайды. Келісім аясында көлік тасымалының түрлері мен тиісті квоталардың тәртібі реттеледі.

«Қазақстанның тиімді географиялық орналасуын ескере отырып, біз транзиттік әлеуетімізді барынша дамытуға күш салып жатырмыз. Негізгі мақсат - Орталық Азияда ірі логистикалық хабты құру. Осы уақытқа дейін 41 мемлекетпен халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімдер рәсімделді. Әзербайжан да одан тыс қалмауы қажет. Соңғы жылдары Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы автокөліктермен жүк тасымалдау көлемі 16 пайызға артып, 6,2 мың тоннаны құрады. Бүгінгі келісімнің арқасында біз осы тасымалды күшейте аламыз», - деп атап көрсетті Р.Скляр.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта Португалия мен Дания сияқты мемлекеттермен өзара келісім жасау жоспарланып отыр. «Біз тағы екі келісімді рәсімдейміз. Сонымен болды. Біздің ендігі міндетіміз - тасымалдың көлемін арттыру», - деп атап көрсетті Р.Скляр.

Соңғы жаңалықтар