Полицияға бағынбаған жүргізуші қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпаарат - Жаңаөзен  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды mng.sud.kz.

Сотта анықталғандай, Б. «Toyota Camry» маркалы көлік құралын Жаңаөзен қаласы, Бейбітшілік-Қосқұлақ жолдары қиылысында басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтатып, көлік құралын басқару құжаттарын сұраған заңды талабына бағынбай, кетіп қалған.

Сот қаулысымен Б. Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулікке әкімшілікке  қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар