Полициядан 23 жыл бойы бой тасалап жүрген әккі қылмыскер қолға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уругвайда ұзақ жылдар бойы құқық қорғау органдары тарапынан іздеуде жүрген Италия мафияларының бірі қолға түсті. Ол құқық қорғау органдарынан 23 жыл бойы бой тасалап жүрген, деп жазды бүгін utro.ru.

Полицияның осы іске қатысты таратқан мәліметтеріне қарағанда, Морабито италиялық полиция іздеу салғанға дейін Пунта-дель-Эсте курортты қаласында жалған құжатпен жүрген. Уругвай елінің билігі Морабитоның онда 10 жылдан астам уақыт өмір сүргендігін жеткізді.

Италияда Морабитоға есірткіні контрабандалау үшін мафиялық топ ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Есірткінің Оңтүстік Америкадан Италияға тасымалдау ісіне жауап беретін ол «Миланның кокаин королі» деп атаған.

Полицияның мәліметтерінше, Бразилиядан Италияға жеткізілген жүздеген келі кокаин де Морабитоның мойнында.

Соңғы жаңалықтар