Полиция Семейде қару қолданған адамның кім екенін анықтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Полиция Семейде қару қолданған адамның кім екенін анықтады. Енді оны ұстау бойынша шаралар қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қастандық жасау» әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мәлім болғанындай, полиция бөліміне атыс қаруынан жарақат алған 22 жасар жігіт келіп көмек сұраған. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бірінің аумағында жұмысшылар арасында жанжал шыққан. Оның барысында 38 жастағы ер азамат жас жігітті мылтықпен атып, жарақаттаған.

Қазіргі таңда қару қолданған азаматты ұстау бойынша барлық шаралар қарастырылуда. Аталмыш іске қатысты өзге мәліметтер жарияланбай отыр. Белгілісі - жарақат алған адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Иығынан жеңіл жарақат алған оған барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар