Полиция қызметкерін қаққан жүргізуші қашып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан учаскелік инспектор қайтыс болды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Жаңаарық және Байкенже ауылдарының арасында орын алған. Көлік жүргізушісі жүргіншіні қағып және оқиға орнынан бой тасалаған. Қазір күдікті іздестірілуде.

«Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», деп хабарлайды Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Әділет Қаңтарбаев

Соңғы жаңалықтар