Полиция қызметкері қағып кеткен студент қызыл дипломнан үміткер болған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Өткен түнде «Мерседес» автокөлігі қағып, мерт болған Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің төртінші курс студенті бір айдан кейін қызыл диплом алмақшы болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біз түнімен оқиға орнында болдық. Жағдайдың бұлай болғандығы өкінішті. Арайлым оқуда озат, өзгелерге үлгі студент болды. Жатақхана аймағындағы осы жаяу жүргіншілердің жолы көзге көрінбейтін жерге орналасқан. Жол өте кең. Сол түні оның қасында қатарлас топтағы курстасы болыпты. Ол да әбден шошынып қалған», - дейді ҚарМУ тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Абай Қалықов.

Арайлым Исатай жатақханада тұрған. Сол түні ол дүкеннен жатақханаға қайтып келе жатқан.

Айта кетейік, 16 мамыр күні сағат 22-00-дер шамасында Университетская және Мұқанов көшелерінің қиылысында учаскелік полиция инспекторының көмекшісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Осы оқиға бойынша ҚК 345 бабының 3 тарауы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар