Полиция қызметкері 6 адамға оқ атып, кейін өзін өлтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні кешкісін Францияның Сарсель қаласында полиция қызметкері үш адамды атып өлтіріп, тағы үшеуін жаралады. Бұл туралы бүгін құқыққорғау органдарының мәліметіне сүйеніп, France Info радиостанциясы хабарлады.

Оған сәйкес, полиция қызметкерінің сүйіктісі, оның анасы мен әпкесі оқ жарақаттарын алған, ал әйелдің әкесі мен екі көршісі оқиға құрбаны болған.  

Кейін 31 жастағы полицей өз-өзіне қол салды. France-Presse агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, полиция қызметкерімен бірге тұратын әйел жақында одан кететінін мәлімдеген. Осыған сәйкес тергеу қызметі жанжал тұрмыстық дау-дамай салдарынан болды деген нұсқаны ұстанып отыр.

Айта кетсек, Францияның полиция қызметкерлері 2015 жылы елде болған лаңкестік оқиғадан кейін кезекшілік соңында қаруды өткізбеуге және оны үйлерінде сақтауға рұқсат алған.

 

Соңғы жаңалықтар