Полиция Қазақстандағы кезекті қаржы пирамидасын тексеріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Тергеу департаменті «Buy Time Incorporated LLP» қаржы пирамидасының басшылығының үстінен қозғалған қылмыстық іске байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ІІМ баспасөз хатшысы.

«Тергеу жұмыстары барысында, аталған пирамида Қазақстан аумағында қысқа мерзім ішінде халыққа қомақты ақша уәде ете отырып, 2017 жылдың наурыз-қараша айларының аралығында жұмыс істеген», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қаржы пирамидасының қызметіне байланысты зардап шеккен куәгерлер мен жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетерлігі, қаржы пирамидасынан зардап шеккендер Ішкі істер министрлігінің тергеу бөліміне немесе аумақтық полиция бөлімдеріне жүгіне алады.

Соңғы жаңалықтар