Полиция Қарағандыда із-түссіз жоғалған қыздарды тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 8 мамыр күні із-түссіз жоғалған 15 және 17 жастағы  апалы- сіңлілі қыздар табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Іздеу істері тоқтатылды, қыздар табылып, үйлеріне жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы.

Қыздардың қайда болғандығы және ұялы телефондарының не себепті сөндіріліп, ата-аналарымен байланысқа шықпағандығы жайлы нақты ақпараттар берілмей отыр.

Бір-біріне туыс болып келетін әлі кәмелетке толмаған Елдана Исламшейх және Ботакөз Қайырбаеваларға  8 мамырдан бастап іздеу салынған. Жоғалған қыздардың ата-аналары қазақстандықтардан әлеуметтік желілер арқылы көмек сұраған болатын. 

Соңғы жаңалықтар