Полиция астаналық пәтер алаяғының құрбандарын іздеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Алматы аудандық ІІБ-нің тергеу бөлімі алаяқтық фактісі бойынша Нұрсұлу Айтбековаға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы, азаматтардың сеніміне кіріп, Астанада нарық құнынан төмен бағада жылжымайтын мүлік сатып алу мүмкіндігін ұсынып, алдау жолымен ақшаларын иеленген.

2017 жылғы маусымда қаладағы Алматы аудандық №2 сотының үкімімен Айтбекова алаяқтығы үшін 3 жыл 8 айға сотталды. Қазір тергеу бөліміне осындай заң бұзушылық бойынша Айтбековаға қатысты шағымдар легі жалғасуда. Нұрсұлу Айтбекованың заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккендер болса,  «Алматы» аудандық ІІБ-нің тергеу бөліміне 8(7172)71-67-49, ұялы. 8 775 923 33 12 телефондары бойынша хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар