Полиция Астана маңында өлген итті машинамен сүйреген видеоны тексеріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы ішкі істер департаменті жұрттың ызасын келтірген видеоны тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана маңындағы трассада өлген итті машинамен сүйреп жүргендердің видеосы әлеуметтік желіге тарап, жұрттың наразылығына себеп болған еді.

Видеоның авторы машинаның мемлекеттік нөмірін де жариялады. Роликтің астындағы түсініктемеге қарағанда, оқиға Қорғалжын тас жолында болған. Жаны төзбеген жануар азапты өлім тапқан.

Соңғы жаңалықтар