Полиция 6 жасар баласын ұрған ананы қамауға алды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да 6 жасар баласын ұрған ана қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайрам аудандық полиция бөліміне бірінші сыныптың оқушысы аудандық ауруханаға ауыр халде Қарабұлақ ауылындағы аурухана жеткізілген туралы хабарлама түседі.

Тексеру барысында  полицейлер баланы өз анасы түнде ұрып-соққанын анықтаған. Қазіргі таңда дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалауда. Ес-түзсіз жатқан жеткіншек жансақтау бөліміне жатқызылған.

Ал, 36 жастағы келіншек қамауға алынып, оның үстінен Қылмыстық кодекстің 103-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша іс қозғалды. Бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.  

Өңірдің тәртіп сақшылары сезікті әйелдің не себепті асқан қатыгездікпен баласын сабағанын анықтап жатыр.  

Соңғы жаңалықтар