Полицейлердің жылдамдық өлшейтін құралдары тексеріліп тұрады – министрлік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бейнекамералар жыл сайын 1 миллионнан астам жол ережесін бұзу фактілерін анықтайды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің жолдаған сауалына орай ҚР Ішкі істер министрлігінің жауабында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл сайын елімізде бейнекамералардың көмегімен шамамен 1 миллионнан астам жолда жүру ережесін бұзу фактілері анықталады. Қазіргі уақытта республика жолдарында жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды тіркейтін 2 мыңға жуық әртүрлі камералар орнатылған», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.

Аталған камералар жолда жүру ережесін бұзушыларды, оның ішінде тоқтау белгісі сызықтарын кесіп өту, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жүріп кету, қарсы жолаққа шығу және жылдамдық режімін асыру сияқты түрлерін анықтайды.

Бұдан бөлек, министрлік жылдамдықты өлшейтін қол құралдары міндетті түрде тексерістен өтетінін хабарлады.

«Жол-патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарының жылдамдығын өлшеу үшін қолданатын құрылғылар міндетті түрде метрологиялық тексерістен өткізіліп, ішкі істер органдарында инвентарлық тіркеуге алынады», - дейді ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар