Полицейлер қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігімен ерекше құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық полициясында жұмыс істейтін 80-нен астам Тәуелсіздік құрдастары ерекше флеш-моб ұйымдастырды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының құрметіне арналған айрықша шараға 82 полиция қатысып, олар жол-шолғыншы көлігімен 25 санын жазды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері де 25 санын жазып сап түзеп, ел мерейтойына құрмет көрсетті.

«Осынау шараны өткізу арқылы біз бұл мерейтойлық датаның маңыздылығын көрсеткіміз келеді. 25 жылдың ішінде қазақстандық полиция жүргізілген реформалардың нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздіктің тірегіне айналды. Ел Тәуелсіздігінің 36 құрдасы аудандық бөлімшелерде, ал 46-сы қалалық және облыстық аппаратта жұмыс істейді», - деді СҚО ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Білялов.

Соңғы жаңалықтар