Полицейлер есінен танған жүргізуші әйелді құтқарды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полицейлер көлік тізгіндеп келе жатып есінен танып қалған жүргізуші әйелге көмек көрсетті, деп хабарайды өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 14 ақпанда Қарағандының қозғалысы қалың жол қиылысында болған. Полицейлер «Қарағанды-Павлодар» күре жолын бақылауға  бара жатқан. Экипаж құрамында взвод командирі, полиция капитаны Мақсат Серікбеков және полиция старшинасы Мақсат Смайылов болған. Тәртіп сақшылары Сәтбаев көшесі мен Бұқар Жырау даңғылының қиылысында тоқтап қалған көлікті байқаған. 

Жүргізуші әйел көлікті басқарып келе жатып, есінен танып қалған екен. Салонда бұл мезетте екі жолаушы болған, оның біреуі кішкентай бала. 

Полицейлер әйелді өздерінің қызметтік көлігіне отырғызып, жақын маңдағы ауруханаға алып барды. Соңыра белгілі болғандай, ол әйел жүкті болған және қант диабетіне шалдыққан. Дәрігерлер науқасты жансақтау бөліміне жатқызды. 

Осылайша, полицейлер жүкті әйелді және оның болашақ нәрестесінің өмірін ажалдан аман алып қалды. 
Әйелдің ата-анасы қызын құтқарған тәртіп сақшыларына алғыстарын айтып, Жергілікті полиция қызметінің басшылығына хат жолдаған. 

Соңғы жаңалықтар