Полицей құлап, көлік астына түсіп қала жаздады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жол қозғалысын бақылап тұрған полицей сырғанап, көлік астына түсіп қала жаздады. Оқиғаның видеосы желіде жарияланды, деп жазады РИА Новости.

Кадрдан полиция қызметкері жолдың ортасында тоқтап тұрған машинаны тексеріп, жолдан өтпек болады. Көктайғақ жолда әрең жүрген полицей екінші машина таяп келгенде құлап түседі. Оны машина дөңгелегі бірнеше сантиметр аралықта ғана жанап өтеді.

Айта кетейік, қазір АҚШ-тың көптеген штатында жауын-шашыннан кейін күннің күрт суытуына байланысты көктайғақ болып тұр.

Соңғы жаңалықтар