Полицей «Керуен» маңындағы атышулы жол апаты жайлы айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 12 қарашада Астанада «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығының маңындағы жол-көлік оқиғасы болған жерге бірнеше минуттан кейін жеткен инспектор Сапар Үйсінбаев сотта куәлік етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жеттім. Барсам, жүргізуші жерде отыр, адамдар соған нұсқады. Қасында аяқ киімі жатты. Адамдар ол мас емес екенін, ауырып отырғанын айтты. Ол, білмеймін, мас немесе ауру адам сияқты көрінді. Спиртті ішімдіктің иісі білінген жоқ. Барған бойда видеотіркеуішті қостым», - деді полиция қызметкері.

Полицей, дәрігер болмаған соң, айыпталушыда эпилепсия белгілері болды ма, жоқ па - кесіп айта алмайтынын жеткізді. Сонымен қатар судья Қанат Дүйсенбиев инспекторға оның бұрынғы куәліктерін есіне салды.

«Куәгерлердің сөзіне қарағанда, эпилепсия ұстамасы болған, оны сыртқа сүйреп шығарғанда, аузынан көбік шашылған», - деп қызметкердің үш ай бұрынғы сөзін есіне салды судья.

Өз кезегінде, С. Үйсінбаев жол-көлік оқиғасы 3 ай бұрын болғандықтан, кейбір жайттар есінде жоқ екенін айтты.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы 12 қарашада «Керуен» СОСО маңында Infiniti автокөлігі екі жаяу жүргіншіні қағып, соның біреуі - Әсел Рымханова ауыр халде ауруханаға жеткізілген болатын, бұдан тыс машина тұрақтағы бірнеше көлікке де зақым келтірген.

Соңғы жаңалықтар