Полад Бұлбұлоғлы ЮНЕСКО бас директорлығынан үміткер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО бас директоры лауазымына Әзербайжанның Ресей Федерациясындағы елшісі, композитор әрі ғалым Полад Бұлбұлоғлы үміткер болып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА azertag.az сайтына сілтеме жасап.

ЮНЕСКО-ның қазіргі бас директоры Ирина Бокованың өкілеттік мерзімі аяқталғалы отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі Атқару кеңесі бүгін ЮНЕСКО бас директоры лауазымына үміткерлерді іріктейді. Дауыс беру Париждегі кеңседе жабық түрде өтеді, деп хабарлайды ТАСС.

Төрт жылға сайланатын бас директор лауазымын 2009 жылдан бері дипломат әрі ғалым Ирина Бокова атқарып келген болатын. Ол осы лауазымға сайланған алғашқы әйел басшы болды. Оның алдында Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Франции, Жапония, тағы басқа елдердің өкілдері болды. Бұл жолғы өкілеттік мерзіміне Әзербайжаннан тыс Вьетнам, Мысыр, Ирак, Катар, Қытай, Ливан және Франция елдерінің өкілдері бар.

Бірінші турда сайлануы үшін үміткерге кеңеске қатысушы 58 елдің кем дегенде 30-ы қолдау білдіруі тиіс. Қажетіне қарай тағы да төрт кезеңнен тұратын дауыс беру өткізілуі мүмкін. Егер бесінші кезеңде лауазым иесі анықталмаса, онда мәселе жеребе арқылы шешіледі.

Қорытынды нәтижелер жөнінде Атқару кеңесі ЮНЕСКО-ның 39-шы Бас конференциясында мәлімдейді.

Соңғы жаңалықтар