Польшаның бас консулдығы Варшавадағы Қазақ көшесін көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы Польшаның бас консулдығы өзінің Фейсбуктағы парақшасында Варшавадағы Қазақ көшесінің суреттерін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол польяк астанасының ең қымбат әрі ең сұлу аудандарының бірі Вилановта орналасқан. Қазақ көшесіне тақау жерде Варшаваның ең үлкен көрікті жері король Ян ІІІ Собесскийдің бұрынғы жазғы резиденциясы Вилянувский сарайы орналасқан», - делінген хабарламада.
nullnull null null 

Естеріңізге сала кетсек, Варшавадағы ең қымбат аудандардың біріндегі көшеге Қазақ атауы  2006 жылдың шілде айында берілген болатын. Польяк елордасы билігінің пайымынша, Қазақ көшесі  бұл Варшаваның Қазақстан Астанасына деген нышандық сыйы, сонымен қатар жер аударылған польяктарға көмек беріп, қамқорлық танытқан қазақ халқына деген алғыс.

Айта кетерлігі, Қазақ атауы берілген көшелер Ресейдің Волгоград, Орынбор, Дондағы Ростов, Қазан, Пермь қалаларында, сондай-ақ Түркия, Тәжікстан елдерінде де бар.

Соңғы жаңалықтар