Польшадағы бокс турнирі: Қазақстан қоржынына үшінші «алтын» түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Варшавада (Польша) бокстан Феликс Штам-2018 турнирінің ақтық бəсекелері өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

69 келіге дейінгі салмақта шешуші сайыста қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергенов ресейлік Сергей Собылинскимен кездесті. Айқас төрешілердің бір ауыздан шешімімен Шымбергеновтың жеңісімен аяқталды. Бұған дейін қазақстандық чех боксшысы Зденек Хладек пен Германияның намысын қорғаған Магомед Щачидовты жарыс жолынан шығарған болатын.

Шымбергеновтың алтын медалі Феликс Штамның турнирінде Қазақстан үшін үшінші жүлде болып отыр. Оған дейін ақтық сайыстарда Ілияс Сүлейменов (56 келі) пен Бекдаулет Ибрагимов (64 келі) құрамаға алтын медаль әкелген еді. 64 келіге дейінгі салмақта Бекдаулет Ибрагимов поляк Дамиан Дуркачты «үйіне күміс ұстатып» қайтарды. Төрешілер ешбір күмәнсіз жеңісті біздің боксшыға берді.

Бұдан кейін рингке Қазақстан құрамасынан Абай Төлеш (75 кгелі) мен Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) шығады.

Соңғы жаңалықтар